Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында откізілген іс-шаралар туралы акпарат.

 

2017 жылдың 2 қыркүйегінде  «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Жиында құттықтау сөз Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімі, анықтау бөлімшесінің бастығы майор Ақбергенов Даулет Жақашбайұлына берілді, ата-аналардың атынан Қалиева Айгүл білім алушыларға  сәттілік тіледі. Колледж ардагері Толымбетов Жемисбек Дулатович балаларға жақсы оқып, керекті мамындық алып, мемлекетіміздің экономикасына үлестерін қосуға шақырып, әріптестеріне жаңа оқу жылы үлкен жетістіктермен табыстарға толы болуын тіледі.

Колледж директоры Қоянов Еркінбек Ысқақұлы 2016-2017 оқу жылындағы колледж ұжымының жетістіктерін еске түсіріп, бір топ оқытушыларды құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, былтырғы оқу жылындағы колледждің 45 бетке ұстар білім алушы үздіктері марапатталды. Салтанатты жиында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кокымбаева Гулнара Балтабековна топтар арасындағы жыл бойы өткен рейтинг жүйесінің нәтижесімен таныстырып, жеңімпаздарды марапаттады.

Колледждің мәжіліс залында білім алушыларға «Болашаққа бағдар» атты  видеофильм көрсетілді, соңында топ кураторлары Мемлекет Басшысы Нурсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында топ сағаттарын өткізді.

          Колледж білім алушылары  Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау барысында қазақстандықтарды  толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап алғандықтарын, әсіресе, ұлттық идеяны қалыптастыратынын  атап өтті.

         Білім алушылар  өз сөздерінде, бұл мақаланың  мазмұны терең және ауқымы кең бағдарлама  екеніне тоқталды. Оны жүзеге асыру біздің ұлтты сапалы жаңа көрсеткіштерге жеткізеді. Және де ол ең бірінші жастарға, тәуелсіздіктің құрдастарына арналған. Сөз сөйлеушілер колледж жастарын Мемлекет Басшысының алға қойған тапсырмаларын  жұмыла орындауға шақырды.

         Осы іс-шара туралы мәлімет колледж сайтына орналастырылды және «Білім шапағаты» газетінің 2017 жылдың 22 қыркүйекіндегі 36 нөмірінде «Сапалы және кәсіптік көрсеткіштерге жеткізеді» атты мақала шықты.

 

2017 жылдың 8 қыркүйегінде  облыстық «Жетісу» телеарнасында өткен «Болмыс» ток-шоуына колледждің білім алушылары қатысты. «Туған жерге туыңды тік!» атты бағдарламаға қазіргі уақытта өз туған ауылдарына игі істер жасаған азаматтар қонаққа шақырылды. Олардың бірі - Гөзел Құлжабаева туған ел, жер алдындағы парызымызды абыроймен өткеріп келе жатырмын деп, көптеген қызықты әңгімесімен бөлісті. Бағдарлама барысында 11 топ білім алушылары мен тарих оқытушысы Б.Салықов та өз пікірлері мен ойларын айтты.

Осы іс-шара 2017 жылдың 11 қыркүйегінде  облыстық «Жетісу» телеарнасында өткен «Болмыс» ток-шоуында көрсетілді.

2017 жылдың 9 қыркүйегінде  «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында «Денсаулық фестивалі» өткізілді, сол іс-шараның аясында «Жаяу жүру марафонына»  колледжден 80 адам қатысты.

Осы іс-шара 2017 жылдың 11 қыркүйегінде  облыстық «Жетісу» телеарнасында «Жаңалықтар» бағдарламасында көрсетілді.

 

Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сол күні Талдықорған қаласы «Ардагерлер» саябағында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Біздің денсаулығымыз- өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өткізілді.

Колледж жатақханасында тұратын білім алушылар тәрбиеші М.У. Дауталиновамен әр түрлі спорт ойындарына белсене қатысып, волейбол жарысынан 1-ші орынға иеленіп, сыйлық және дипломмен марапатталды.

Осы іс-шара туралы ақпарат облыстық «Жетісу» телеарнасында сол күнгі кешкі жаңалықтарында көрсетілді.

   

2017 жылдың 11 қыркүйегінде  колледжде "Tanaris Production" кинокомпаниясының түсірген "Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы" атты деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. 620 катысушы 3 топқа бөлініп, колледж мәжіліс залында 3 уақыт мерзімінде аталған фильмді көріп, фильм туралы өз ойларымен бөлісіп, көрсетілім жайлы жақсы пікір білдірді.

 

 

 

2017 жылдың 12 қыркүйегінде Талдықорған қаласындағы Қазақстан корей халықтар ассоциациясының басшысы Ким Алексейдің шақыруымен, колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Кокумбаева  және 15 білім алушы  корей халқының  Қазақстанға депортациялануына    80 жыл толуына орай өткізілген іс-шараларға қатысты.  Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында ұйымдастырылған  кездесуде Оңтүстік Кореядан келген  «Ай-ми-ай» ұйымының  өкілі  Пак мырза  «Как можно через лекцию изменить мышление» тақырыбында баяндама оқыды.

Осы іс-шара 2017 жылдың 12 қыркүйегінде  облыстық «Жетісу» телеарнасында Жаңалықтар блогінда көрсетілді.

 

 

 

2017 жылдың 13 қыркүйегінде  колледждің 150 білім алушылары Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының үйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жалпы республикалық акциясының аясында өткізілген флешмобқа қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту қағидаларын ілгерту үдерісіне жастарды белсенді тарту болып табылды.

Осы іс-шара облыстық «Жетісу» телеарнасында 22 қыркүйекте көрсетілді.

 

2017 жылы 13 қыркүйек күні  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Кітапхана-даналық мектебі» атты ашық есік күндеріне 16 топ білім алушылары және топ кураторы Абушарипова Шынар Темирбековна қатысты.

        

2017 жылдың 14 қыркүйегінде  облыстық «Жетісу» телеарнасында Облыстық ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында латын тіліне ауысу мәселесі бойынша семинар өткізді. Бұл семинарға №14 топтың  20 білім алушысы мен өндірістік оқыту шебері В.С.Ким қатысты.

Осы іс-шара туралы сол күні  облыстық «Жетісу» телеарнасында «Жаңалықтар» бағдарламасында ақпарат көрсетілді.

 

2017 жылдың  15 қыркүйегінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Тәні саудың жаны сау!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті.

 Іс-шараны ұйымдастырып өткізген - колледждің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Иманжанов Айбек Ерікұлы және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Каптагаев Айбар Омарұлы, Абишев Арнұр Мұратұлы, Утетляев Талғат Бақытұлы, Абсатаров Талғат Әмірұлы.

«Денсаулық фестивалінің» басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардың алдын алу.

Спорттық шараның салтанатты ашылуында директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Талғат Есенғараұлы Долаев алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы білім алушыларға зор денсаулық, салауатты өмірді ұстануын, спорттық жеңістерге жетуін тіледі. Рухани жаңғырудың міндетінің мағынасын ашып, ол  қоғамдық қатынастардың әлеуметтік және мәдени саласының өзгеруі: еңбек этикасы, құндылықтардың дәстүрлі жүйесі, өмір салты, тұтынушылық мәдениет, халықтың әлеуметтік өмір салтының жаңа формаларына деген сезімталдығы екенін жастарға түсіндірді.

Ашылу рәсімінде колледждің білім алушысы Капбарова Ханифа қатысушыларға ән шырқап, әсем әнмен білім алушыларды жеңіске жігерлендірді.

«Денсаулық фестивалінде» қыздар арасында 1000 м жүгіру, ұлдар арасында 3000м жүгіру, футбол, эстафеталық жарыстар откізілді. Білім алушылардың барлығы өздерінің жақсы  физикалық  әзірлігі мен жеңіске  жетуге деген зор  күш-жігерін  көрсетті.

Әр спорт түрінен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Денсаулық фестивалінде» 1 курс білім алушыларының ұйымдаса білетінін, жаңа достар тауып,  Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің үлкен білім алушылар  жанұсына  енгенін,  болашақта облыс пен қаланың  спорттық ареналарында  оқу орнымыздың  намысын  табыспен қорғай  алатынын  көрсетті. 

Шара өзінің алдына қойған мақсатына жетті.

Осы шара туралы «Білім шапағаты» газетінің 2017 жылдың 29 қыркүйекіндегі 37 нөмірінде «Тәні саудың жаны сау!» атты мақала шықты.

 

 

2017 жылдың  22 қыркүйегінде Ілияс Жансүгіров атындағы мұражайында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және тарихи сана аясында атақты қобызшы, күйші, Жетісу өңірінің тумасы - Молықбай Байсақұлының туғанына 160 жыл толуына орай,  біздің колледж білім алушыларымен атаның ұрпағы - Нұршекен-апа арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Молықбай атаның ұрпағы, зерттеуші, әріптесіміз Толымбеков Жемісбек атаның өмір жолдарына тоқталып, қызықты деректер келтірді. Сүйінбай атындағы филармония кобызшысы Дамир Абашев қыл кобызбен бірнеше күй орындап, кобыздың қасиеті туралы тоқталып өтті.

Соңында мұражай жетекшісі Нұргүл Жауынбаева келген қонақтарға алғысын білдірді. Кеш мұражай тарихын таныстыруымен жалғасты.

Осы іс-шара туралы сол күні  облыстық «Жетісу» телеарнасында «Жаңалықтар» бағдарламасында ақпарат көрсетілді.

 

2017 жылдың  27 қыркүйегінде қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Әскери-техникалық мектептің Әскери данқ мұражайында ардагерлер, әскери шақырылушы жастар, мектеп курсанттары, біздің колледж білім алушылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Отанды қорғау-қасиетті парызымыз» атты кездесу шарасын ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты – жастарға Отан қорғау ісінің жауапты, маңызды әрі қасиетті екенін түсіндіру.Тәуелсіз Қазақстанды қорғау мақсатындағы әскери борышты абыроймен атқару әрбір қазақстандықтың бұлжымас міндеті екенін ұғындыру. Әскерге шақырулышы жастарды қазақстандық патриотизмге, елжандылыққа баулу. Қарулы күштерімізді құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу, әскери мамандықтың аса қажеттілігін түсіндіру болып табылады-деп, жобаны үйлестіруші Айтмұханбет Ерасылов айтты.

Кездесуге қатысушылар келесіндей баяндамалар дайындады. «Отанды қорғау-қасиетті парызымыз!» - тақырыбындағы баяндаманы қорғаныс істері басқармасының бөлім бастығы подполковник Тінеқұлов Ахметжан Қайсарұлы, «Әскери бөлімдерде қызмет ету-абыройлы іс!» - 21751-әскери бөлімнің тәрбие жөніндегі қызметкері майор Күренбаев Ғани Жұмаханұлы оқыды. Ал «Алаштың асыл арыстарын ардақтайық!» тақырыбындағы баяндаманы қалалық кеңестің  төралқа  мүшесі, әділет полковнигі Молдабеков Болат Есенғалиұлы, әскери техникалық мектебінің взвод командирі подполковник Акаев Марат Тілекбердиевич,  №4 орта мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Ақсубаев Серік Серікболұлы дайындаған. Ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Жантайлақов Айдарбек жастарға ақыл-кеңес айтып, ақ жол, сәт сапар тіледі.

Соңында әскери қызметкерлер қонақтарды әскери даңқ мұражайынның экспонаттарымен таныстырды.

Шара өзінің алдына қойған мақсатына жетті. Кездесуге қатысқан 11 топ білім алушылары, колледж оқытушысы Салыков Б.Т. және кітапхана меңгеруші Сагандыкова Г.Ж. ұйымдыстырушыларға алғысын білдіріп, жастарға осындай кездесулердің маңыздығы мен қажеттілігіне тоқталып кетті.

Осы шара туралы «Талдықорған» газетінің 2017 жылдың 29 қыркүйекіндегі 34 нөмірінде «Отанды қорғау-қасиетті парызымыз» тақырыбында мақала шықты, және облыстық «Жетісу» телеарнасында Жаңалықтар блогінда көрсетілді.

 

 

 

              2017 жылдың 22 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында колледжде «Тіл мерекесі» апталығы өткізілді. 

Апталық аясында Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында  Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Туған жерім-Талдықорған» шығармалар байқауы  2017  жылдың  26  қыркүйегінде  өткізілді. Байқауға  шығарма жазу тәсілін  игерген  колледждің  15-17 жас  аралығындағы   білім алушылары  қатысты. Байқаудың жеңімпаздары: 1-орын Алтынбекова Ардақ 16 топ, 2-орын  Гвоздиков Никита 107 топ, 15 топ Алимғазы Ақниет  болып табылды.

«Болашаққа бағдарлау:рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтарын ілгерлетуге бағытталған «Отаным-тағдырым» плакаттар байқауы 2017  жылдың  25-27  қыркүйек аралығында  өткізілді. Байқаудың жеңімпаздары: 1-орын 306 топ, 2-орын  15  топ, 3-орын 106 топ иеленді.

«Туған жеріңнің тарихын білесің бе?» сөзжұмбақ байқауы  2017  жылдың  27 қыркүйегінде  өткізілді. Байқауға 1 курс білім алушылары белсенді қатысып, өз білімдерін  көрсете білді.  Байқаудың жеңімпаздары: 1-орын «Тапқырлар» тобы, 2-орын  «Білімділер» тобы, 3-орын «Зерде» тобы иеленді.

 

 

   

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Талдықорған қаласында «Қала күні» мерекесі  айрықша сән-салтанатпен аталып өтті. Колледж арнайы бөлінген алаңда көрме ұйымдастырып, өз жетістіктерімен бөлісті.

Көрменің басты мақсаты – мектеп оқушыларына үгіт-насихат жүргізу, колледжде дайындалатын мамандықтармен таныстыру болды. Колледж білім алушылары көрме дайындады. Электр-газбен дәнекерлеушілер тұрмысқа керекті заттарды көрсетті. Олар: моншаға арналған пештер, мангалдар, гүл қоюға арналған тұгырғы. Токарлар – әртүрлі бөліктер,қақпаға қажетті есік құлыптары, үйге және өндіріске керекті заттар ұсынды. Ал «Жиһаз» мамандығы ас үй мен қонақ бөлмелеріне арналып жасалынған жиһаздарды көрсетті.

Қала тұрғындары көрменің әртүрлігі мен жасалынған өнімнің сапасына таңдана қарады.

Биылғы оқу жылында колледждің 15 білім алушысы Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне барған болатын. «Қала күнінде» колледж ұйымдастырған көрмені Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов аралау барысында  «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалаған Агыбаева Линара облыс әкіміне осындай мүмкіншілік тудырғаны үшін колледж білім алушыларының атынан алғыс білдірді. Халықаралық көрмеден алған әсерлерін жеткізіп, «Болашақ энергиясын» өркендетуге аянбай кұш-жігерлерін жұмсайтындарын айтты.

Сонымен қатар колледждін 30 білім алушысы концерттік бағдарламаға қатысты.

Шара лазерлік шоу, от шашулармен аяқталды.

Осы іс-шара туралы сол күні  облыстық «Жетісу» телеарнасында «Жаңалықтар» бағдарламасында көрсетілді, және «Талдықорған» газетінің 2017 жылдың 6 қазандағы 35 нөмірінде «Түрленген Талдықорған» тақырыбында мақала шықты.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде

2017-2018 оқу жылында өткізілетін іс-шаралар жоспары

 

 

Іс-шаралар тақырыбы

мерзімі

жауапты

1.

«Парасат» рухани-жаңғыру орталығын ашу. Орталықтың меңгерушісін, жоспарын бекіту.

2.09.2017ж.

Зам.директора по УВР Кокумбаева Г.Б.

2.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде 2017-2018 оқу жылында колледжде өткізілетін іс-шаралар жоспарын бекіту

2.09.2017ж.

Бакетова Б.К., Жанатова А.Ж.

3.

Кураторлар кеңесінің отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының презентациясын өткізу

2.09.2017ж.

Кокумбаева Г.Б., Бакетова Б.К., Жанатова А.Ж.

4.

1 қыркүйек-Білім күні Бірыңғай колледж сағатын «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау» тақырыбында өткізу және «Болашаққа бағдар», «Взгляд в будущее» атты видеофильмді көрсету

2.09.2017ж.

Топ жетекшілер

5.

«Жомарт жүрек» жобасы шеңберінде  «Туған жерге-туыңды тік!» тақырыбында Ашық тәрбие сағат өткізу

 Қырқүйек

 

Топ жетекшілер

6.

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Таза аула» экологиялық сенбілік ұйымдастыру 

 Әр бейсенбі сайын

 

Топ жетекшілер

7.

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Табиғатқа көмектес», «Талдықорған-бақ қала» тақырыбында абаттандыру жұмыстарын жүргізу

Жыл бойы

«Жас ұрпақ» озін - өзі басқару ұйымы

8

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» тақырыбында Сынып сағат өткізу 

27.02.-04.03.17ж.

Топ жетекшілер

9

«Таза табиғат – халық байлығы» Зияткерлік ойын

26.04.18 ж.

 

Топ жетекшілері

10

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Ең әдемі, ең таза топ» колледж аймағына және кабинеттерге тазалық жасау

 Жыл бойы

 Топ жетекшілер

11

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында Жатақханадағы үлгілі этаж, бөлме конкурстарын ұйымдастыру

 

  Жоспар бойынша

Жатақхана кеңесі,  жатақхана тәрбиешілері

12

«Рухани жаңғыру», «Туған жер» тақырыбында колледшілік шығарма байқауын өткізіп, облыстық байқауға қатысу

4-8.09.2017 арасында

«Парасат» рухани жаңғыру орталығы

13

 «Тәні саудың жаны сау!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өткізу.

15.09.2017  колледж топтары                      

КДМ- Иманжанов Айбек Ерікұлы және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары

14

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Қарттарым асыл қазынам» сынып сағаты

Қазан 2017

«Парасат» рухани жаңғыру орталығы

15

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» Жалғыз басты қарттарға көмек көрсету

 

Жыл бойы

«Парасат» рухани жаңғыру орталығы

16

«Ананың күлкісі», «Отбасындағы демалыс»,     «Менің үйім,отбасым» Суреттер сайысы

01.03-12.03.

 

 

Топ жетекшілер 

17

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Ата көрген  - оқ жонар, шеше көрген тон пішер» Көрме ұйымдастыру

15-20.02.2018

 

 Кітапхана. «Парасат» рухани орталығы

18

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында сынып сағаты

26.04.2018ж

Топ жетекшілер

19

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында Қазақ халқынын салт –санасымен, әдет-ғұрыпын оқып үйрену, сынып сағаттар, кештер, диспуттар өткізу

 Жыл бойы

 Топ жетекшілер

20

«Адамгершілік – рухани

тәрбиенің маңызы» топ сағаты

Казан 2017

Топ жетекшілер

21

Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру «Білімнің салтанат құруы» топ сағаты

Казан 2017

Топ жетекшілері

22

 Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру «Сананың ашықтығы» Дөңгелек үстел

Казан 2017

топ  жетекшілері 

23

 Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру  ХХІ ғасырдағы Ұлттық сана туралы

 

 Топ жетекшілер

 

24

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру Прагматизм тақырыбында Топ сағаттарын өткізу

 01.03.2018ж

Топ жетекшілер

25

Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру «Үш тілде білім беру» конференция

Наурыз 2018

Абушарипова Ш.Т

26

Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру «Ұлттық біргілікті сақтау» Сынып сағаты

маусым

 Топ жетекшілер

27

«Туған жер» бағдарламасының «Өлкетану» негізгі жоба аясында Облыстық өлкетану мұражайына, көркемөнер галлереяларына сабақ өткізу

График бойынша

топ жетекшілері

28

27-наурыз – Театр күні «Рухани байлық ордасы - театр»

20.07-30.03 театрға саяхат І-ІІ курстар

Топ жетекшілер 

29

Ш.Уалиханов атындағы мұражайға саяхат     

 

Мамыр

Тәрбие орынбасары

Колледж белсенділері

30

«Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында «Қайырымдылық» акциясы

04.01-15.02

Тәрбие бөлімі

31

«Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында «Мейірімділік – асыл қасиет» мейірімділік сабағы

15.02.18  ж.

 Топ жетекшілер

32

«Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында «Ұлы дала тұлғалары» тақырыбында жетістікті адамдармен кездесу өткізу

Жыл бойы

КДМ- Иманжанов Айбек Ерікұлы, «Парасат» рухани жаңғыру орталығы

33

«Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында топ сағаты

02.02.18 ж.

 

 Топ жетекшілер

34

«Рәміздер мәртебесі – елімізідң мақтанышы»  топ сағаты

10.05.17 ж

 

Топ жетекшілері

35

«Индустральды-инновациялық дамытуды күшейту» «Цифорлы Қазақстан» ашық тәрбие сағаты

01.03.18ж.

Топ жетекшілері

36

«Саналы азамат» негізгі жоба аясында колледжде Ашық есік күнін өткізу, «Шеберлер қалашығы» көрме ұйымдастыру

 Сәуір 2018

 Түрлыбекова Ш.К., Маукулова Н.М.,Абдильдина С.Н., Абушарипова Ш.Т.

37

«Саналы азамат» негізгі жоба аясында білім алушылардың ішінде «Бір апта қалада», «Бір апта ауылда» жобаларын үйымдастыру

Шілде- тамыз 2018

Топ жетекшілері

38

Облыстық байқауларға қатысу:

-«Менің болашақ мамандығым» шығарма байқауы;

-МАН жобалары;

-Worldskills чемпионаты;

-«Тілдарын» байқауы

 

 

Жыл бойы

Түрлыбекова Ш.К., Маукулова Н.М.,Абдильдина С.Н., Абушарипова Ш.Т.

39

Облыстық шараларға қатысу:

-«Кітап-білім бұлағы»;

-жас тарихшы мен өлкетанушылардың форумы;

-«Ұлы Дала Елі» полевая экспедиция;

-«Туған жер.Туған ел.Туған глобал» ғылыми-практикалық конференциясы;

-«Мамандық әлемін ашамыз» форумы;

-«Шеберлер қаласы» фестивалі

 

 

 

Жыл бойы

Түрлыбекова Ш.К., Маукулова Н.М.,Абдильдина С.Н., Абушарипова Ш.Т.

40

Колледж туралы әлеуметтік – имидждік бейнероликтар жасау, орналастыру

 

Жыл бойы

«Парасат» рухани жаңғыру орталығы

 

 

 

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары                                                                                          Г.Кокумбаева

 

 

                                                                                                                 БЕКІТЕМІН

                                                                                                                 колледж  директоры

                                                                                                                 ____________ Е.Қоянов

                                                                                                                «___»___________2019ж

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде

2019-2020 оқу жылында өткізілетін іс-шаралар жоспары

Іс - шаралар мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде 2019-2020 оқу жылында колледжде өткізілетін іс-шаралар жоспарын бекіту.

қыркүйек

ОТЖЖ  директордың орынбасары,  А.Ж.Жанатова

2

1 қыркүйек - Білім күні.

 «Cаналы азамат» негізгі жоба аясында  «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» білім беру сабағы.

қыркүйек

Топ  кураторлары  мен шеберлері

3

«Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында тақырыптық топ сағаттарын,  кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу

 

- «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

 

- “Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің айғағы ”, “Желбірей бер, көк байрағым көгімде”,

- «Тұңғыш Президент және менің Отаным»

 

жыл бойы

 

 

 

 

қыркүйек

 

қараша

 

ОТЖЖ  директордың орынбасары ,

топ  кураторлары  мен шеберлері

 

 

 

Топ кураторлары

4

Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауын тыңдау, түсіндіру, насихаттау

қыркүйек

Топ  кураторлары

5

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай  «Ұлы даланың Ұлысы» мәнерлеп оқудан  сайыс.

қыркүйек

Тіл пәндерінің  оқытушылары

6

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында Балпық би бабаның 325 жылдығына орай «Балпық  би- ұлт биігі» тақырыбында кітап көрмесі

қыркүйек

Тарих пәнінің оқытушылары, кітапханашы

7

«Латын әліпбиіне деген қөзқарасым» шығармалар байқауы

қыркүйек

Меренкулова Р.К.

Абушарипова Ш.Т.

8

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында «Тілдер апталығын» өткізу.

қыркүйек

Абушарипова Ш.Т.

9

«Рухани қазына» негізгі жоба аясында мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын.

қазан

А.Жанатова, А.Қошқарбаева

10

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында қарттар  күніне  «Қайырымды  шаралар мектебі» тәрбие жобасын өткізу.

қазан

Өзін-өзі басқару ұйымы

11

«Тәні саудың жаны сау!» ұранымен «Денсаулық фестивалі»  

қазан

Колледж әкімшілігі, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары, медбике

12

І.Жансүгіровтың  125 жылдығына орай «Біз Ілиястың ұрпағымыз» тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау.

қараша

Тіл пәндерінің оқытушылар, театр үйірмесінің жетекшісі

13

Халықаралық толеранттылық күніне арналған тәрбие сағаттары

қараша

Топ  кураторлары

14

«Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында әскерге дейінгі жастар арасында «Санаңды сақта, жас ұрпақ!» колледжішілік салтанатты әскери байқау.

ақпан

 АӘД пәні оқытушысы     

 

15

«Туған жер» бағдарламасының «Өлкетану» негізгі жоба аясында Мұражай, драма театрға, сурет галереясына экскурсиялар.

кесте бойынша

Топ жетекшілері

16

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында  Ұлттық ойындар түрінен жарыс.

наурыз

  Дене тәрбиесі оқытушылары

17

Алғыс  айту  күні.

 «Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасы, салт дәстүрлері» тақырыбында  мерекелік бағдарлама

 

наурыз

Топ кураторлары

18

«Рухани қазына» бағдарламасының негізгі жоба аясында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»  салтанатты жиын.

наурыз

ОТЖЖ  директордың орынбасары, топ  кураторлары  мен шеберлері

19

«Рухани қазына» бағдарламасының «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным!»  тақырыбында топ сағаттар.

сәуір

Топ  кураторлары

20

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын түсіндіруге арналған тақырыптық сабақтар және дәрістер.

жыл бойы

Топ  кураторлары

21

«Рухани қазына» бағдарламаның «Өнегелік құндылықтар» негізгі жоба аясында сенбіліктер өткізу:

- Колледж аумағын тазарту

- Қала көшелерін тазарту

- Колледж аумағын көгалдандыру жұмысын ұйымдастыру

- Ағаштар көшетін отырғызу

- Гүлзарларды жөндеу

оқу жылы барысында

Директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, аға шебер, өндірістік шеберлері,  топ  кураторлары 

22

«Саналы азамат» негізгі жоба аясында «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» тәрбиелік кәсіпке бағдарлау жобаларын іске асыру

оқу жылы барысында

Директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, аға шебер, өндірістік шеберлері,  топ  кураторлары 

23

«Саналы азамат» негізгі жоба аясында колледжде Ашық есік күнін өткізу, «Шеберлер қалашығы» тақырыбында көрме.

сәуір

Турлыбекова Ш.К., Маукулова Н.М., Иманжанов А.Е., Абушарипова Ш.Т.

24

Әл-Фарабидың мерейтойына орай «Әл-Фараби әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел.

мамыр

Тарих пәндерінің оқытушылары

25

Индустриялық-инновациялық даму және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының объектілеріне білім алушылар үшін таныстыру экскурсияларын ұйымдастыру.

оқу жылы барысында

Директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, аға шебер, өндірістік шеберлері,  топ  кураторлары 

26

«Саналы азамат» негізгі жоба аясында колледж туралы әлеуметтік – имидждік бейнероликтар жасау, орналастыру.

 

жыл бойы

ОТЖЖ  директордың орынбасары, топ  кураторлары  мен шеберлері

 

 

 

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары                                                                                          М.Омирбекова