Название Скачать
1 Діни экстримизмге және лаңкестікке қарсы әрекет бойынша іс-шаралар жоспары

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу бағытындағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру ақпараты.

         Колледжде  жоғарыда көрсетілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде  түсіндіру – ескерту жұмыстары ұйымдастырылды. 2018-2019 оқу жылы өткізілген  колледжішілік  жалпы ата-аналар жиналысында ювеналды полиция капитаны Мырзакулов Дастан Маликжанұлы лаңкестік жайлы жалған хабарлама жіберу заңмен қатаң жазаланатыны туралы  баяндама жасады.  

          Топ кураторлары «Жалған ақпарат несімен қауіпті?», «Патриотизм негіздерінің біздің заманымыздағы көрінісі», «Дисциплинированность и бдительность –в чем выражается их взаимосвязь?», «Лаңкестіктің негізі», «Молодежные экстремистские организации и их опасность для общества», «Экстремистер мен лаңкестік ұйымдардың өздері  ұйымдастырған  қылмыстарына  жастарды тартуы» тақырыптарында  топ сағаттарын  өткізілді.  24 оқу топтарындағы 550 білім алушы қамтылды.

          Айдың әр аптасындағы дүйсенбі күндерінде өткізілетін директор сағаттарында,  яғни қысқы демалыс алдындағы қаңтар айында және наурыз айларында лаңкестік жалған ақпаратты болдырмау туралы  баяндалды.

           Сонымен бірге, колледж әкімшілігі құрамымен, Азаматтық қорғанысқа жауапты  қызметкер мен топ кураторлары арасында   мекеме аймағында лаңкестік  жағдайдың болуына қарсы жаттығу жұмыстары жоспарланып өткізілді.

          АӘД сабақтарында білім алушылармен лаңкестікке қарсы мәселелерді қамтитын сабақтар өткізілді.

          Күзетшілермен, қабылдау және оқу бөлімі хатшылары арасында келген хабарламаларды қабылдау Ережесі, лаңкестік мінездегі жалған хабарламаларды қабылдау кезіндегі сөйлесу  Ережесі  туралы нұсқаулар жүргізілді.

2018 жылдың 7 қыркүйегінде Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледж кызметкерлерімен терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру бойынша ТОО «ӨСҚ сервис» филиал директоры Қасымжан Даурен Қанатқанұлымен бірлесіп,  жиналыс өткізілді.

Колледж директоры Е.Қоянов кіріспе сөзінде қазіргі уақытта адамзатқа көптеген мәселелерді шешуге тура келуде, солардың бірі қылмыстылықтың бір түрі болып саналатын терроризм болып табылады, деді.

Аса көрнекті саясаткерлердің бірі айтқандай, «ХХІ ғасырда барлық өркениет деңгейіндегі азаматтардың қауіпсіздігіне терроризм негізгі қауіп тудырады». Терроризм-қазіргі кезде тек құқықтық тұрғыдан ғана өзекті қылмыстардың бірі болып саналмай, сонымен қатар әлеуметтік те мәселе болып көрініп отыр. Терроризм туралы ХХ ғасырдың аяқ кезінен бастап әлеуметтанушылар, заңгерлер, саясаткерлер, бұқаралық ақпарат таратушылар жиі айтып, осы құбылыстың орын алғандығы туралы жиә мәліметтер келтіруде.

 

 

       Қазіргі кезде терроризмнің әр түрлі нысандарда көрініс алатын және жаһандық масштабты иеленетін  аса қауіпті және болжам жасауға келе бермейтін құбылыс белгілі болып отыр.

        Терроризм басқа уақыттармен салыстырғанда үнемі даму үстінде болатындғын, бұрын белгілі болмаған әдістер мен нысандарда жасалатындығын көрсетуде. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана білуде.

       Қазіргі терроризм халықаралық сипат алып, жекелеген мемлекеттер үшін де немесе белілі бір аумақтар бойынша қарқын алып, жазықсыз адамдардың өміріне қауіп келтіру арқылы елдің саяси және әлеуметтік тұрақытылығына қауіп төндіріп отыр. Сондықтан елдің тұрақты дамуына, оның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының әскери күштерінен, солардың ішінде шекара қызметінің де назарынан тыс қалмай, шеттен келетін қауіптердің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілуі керек.

       Терроризм ұғымы латын тілінің «terrore» деген сөзінен шығып, үрей, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет террор ұғымы ХІХ ғасырдағы Ұлы француз революциясы кезінде саяси әрекет әдісі ретінде саяси қарсыластарды жою үшін радикалдық революционерлермен қолданылды. Қазіргі уақытқа дейін террор немесе терроризм күш қолданудың әдісі, саяси мәселені шешудің тәсілінің бірі болып қолданылып келе жатыр.

       Саясатта күш қолдану әдісін қолдану-үстемдік құрып отырған топтарға, мемлекеттік институттарға қарсы әр түрлі жасырын топтардың шабуылы ретінде жүргізіліп келе жатыр, сонымен бірге кейде мемлекеттерде өздеріндегі оппозициялық күштерге қарсы шара ретінде бұл әдісті қолдануда. Сондықтан бұл құбылысты жекеше қарастыру керек.

     Террор ретінде мемлекеттің өз азаматтарының, саяси қарсыластарының ішіндегі басты адамдарын жоя отырып, өз үстемдігін жүзеге асыру ретінде танылады.

 Сонымен қатар ата- аналар балаларыңызға ескертіңіздер:

  • Көшеде бөтен адамдармен сөйлеспеу;
  • Өзі және отбасы туралы мәлімет бермеу;
  • Танымайтын адамның көлігіне отырмау;
  • Далада немесе қоғамдық жерде жатқан заттарға (сөмке, қорап тиіспеу)
  • Қауіпті немесе күдікті нәрсе болса 101 нөмірне хабарлау

ТОО «ӨСҚ сервис» филиал директоры Қасымжан Даурен Қанатқанұлы жарылғыш құрылғылардың белгілері, олардың орналатылуы мүмкін орындар туралы айтып берді. Егер көлікте, көшеде, пәтерде, басқа қоғамдық орында белгісіз, иесіз, сезікті зат, қорап немесе сөмке, портфель тауып алған жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді. Және адамдар көп жиналатын орындағы жүріп-тұру мінез-құлқы туралы, көшеде, ғимаратта терроризм актісі орын алса, немесе терроризм актісі туралы хабарлама келіп түскен жағдайдағы іс-әрекеттер туралы баяндады.

Колледж қызметкерлеріне «Терроризм актісінің қауіпті туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднама» тақырыбында презентация-слайд көрсетілді.

 

 

 

 

 

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледж кызметкерлер және білім алушылармен терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру

бойынша практикалық семинар.

 

Талдықорган қаласы                                                           22.05.2018ж.

 

  1. Колледж директоры Е.Қояновтын кіріспе сөзі.
  2. Терроризм актісінің қауіпті туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы. Баяндамашы: директордың оқу–тәжірибелік  жұмысы жөніндегі орынбасары  Талгат Есенгараевич Долаев.
  3. Презентация-слайд көрсету. Тренинг өткізу.
  4. Қоғамда тағатты діни сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру туралы. Баяндамашы: директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Кокумбаева.

 

Колледж директоры Е.Қоянов кіріспе сөзінде қазіргі уақытта адамзатқа көптеген мәселелерді шешуге тура келуде, солардың бірі қылмыстылықтың бір түрі болып саналатын терроризм болып табылады, деді.

Аса көрнекті саясаткерлердің бірі айтқандай, «ХХІ ғасырда барлық өркениет деңгейіндегі азаматтардың қауіпсіздігіне терроризм негізгі қауіп тудырады». Терроризм-қазіргі кезде тек құқықтық тұрғыдан ғана өзекті қылмыстардың бірі болып саналмай, сонымен қатар әлеуметтік те мәселе болып көрініп отыр. Терроризм туралы ХХ ғасырдың аяқ кезінен бастап әлеуметтанушылар, заңгерлер, саясаткерлер, бұқаралық ақпарат таратушылар жиі айтып, осы құбылыстың орын алғандығы туралы жиә мәліметтер келтіруде.

       Қазіргі кезде терроризмнің әр түрлі нысандарда көрініс алатын және жаһандық масштабты иеленетін  аса қауіпті және болжам жасауға келе бермейтін құбылыс белгілі болып отыр.

        Терроризм басқа уақыттармен салыстырғанда үнемі даму үстінде болатындғын, бұрын белгілі болмаған әдістер мен нысандарда жасалатындығын көрсетуде. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана білуде.

       Қазіргі терроризм халықаралық сипат алып, жекелеген мемлекеттер үшін де немесе белілі бір аумақтар бойынша қарқын алып, жазықсыз адамдардың өміріне қауіп келтіру арқылы елдің саяси және әлеуметтік тұрақытылығына қауіп төндіріп отыр. Сондықтан елдің тұрақты дамуына, оның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының әскери күштерінен, солардың ішінде шекара қызметінің де назарынан тыс қалмай, шеттен келетін қауіптердің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілуі керек.

       Терроризм ұғымы латын тілінің «terrore» деген сөзінен шығып, үрей, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет террор ұғымы ХІХ ғасырдағы Ұлы француз революциясы кезінде саяси әрекет әдісі ретінде саяси қарсыластарды жою үшін радикалдық революционерлермен қолданылды. Қазіргі уақытқа дейін террор немесе терроризм күш қолданудың әдісі, саяси мәселені шешудің тәсілінің бірі болып қолданылып келе жатыр.

       Саясатта күш қолдану әдісін қолдану-үстемдік құрып отырған топтарға, мемлекеттік институттарға қарсы әр түрлі жасырын топтардың шабуылы ретінде жүргізіліп келе жатыр, сонымен бірге кейде мемлекеттерде өздеріндегі оппозициялық күштерге қарсы шара ретінде бұл әдісті қолдануда. Сондықтан бұл құбылысты жекеше қарастыру керек.

     Террор ретінде мемлекеттің өз азаматтарының, саяси қарсыластарының ішіндегі басты адамдарын жоя отырып, өз үстемдігін жүзеге асыру ретінде танылады.

 Сонымен қатар ата- аналар балаларыңызға ескертіңіздер:

  • Көшеде бөтен адамдармен сөйлеспеу;
  • Өзі және отбасы туралы мәлімет бермеу;
  • Танымайтын адамның көлігіне отырмау;
  • Далада немесе қоғамдық жерде жатқан заттарға (сөмке, қорап тиіспеу)
  • Қауіпті немесе күдікті нәрсе болса 101 нөмірне хабарлу

Екінші сұрақ бойынша директордың  оқу–тәжірибелік  жұмысы жөніндегі орынбасары  Талгат Есенгараевич Долаев жарылғыш құрылғылардың белгілері, олардың орналатылуы мүмкін орындар туралы айтып берді. Егер көлікте, көшеде, пәтерде, басқа қоғамдық орында белгісіз, иесіз, сезікті зат, қорап немесе сөмке, портфель тауып алған жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді. Және адамдар көп жиналатын орындағы жүріп-тұру мінез-құлқы туралы, көшеде, ғимаратта терроризм актісі орын алса, немесе терроризм актісі туралы хабарлама келіп түскен жағдайдағы іс-әрекеттер туралы баяндады.

Білім алушылармен қызметкерлерге «Терроризм актісінің қауіпті туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднама» тақырыбында презентация-слайд көрсетілді. Соңында тренинг өткізілді.

Директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Г.Б.Кокумбаева баяндамасында қоғамда тағатты діни сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру керек екенінін айтты. Радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Білім алушыларға келесі қеңес берді :

  1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымының жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа
  2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңідің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
  3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
  4. Егер сіз діни бағыттыағы парақтар, брошюралар, журналды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
  5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, толар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдарменақылдасыңыз.
  6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссыңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты- Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз- деструктивті діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
  7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
  8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тандамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұймдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
  9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету ұшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлер емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
  10. Есінде болсын! Есте сақта! Құдайға сену, яки сенбеу- өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарыңмен жақындарңнан айырылғың келмесе, Ойлан!

         Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизімге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден- ақ бірліктің ынтымақтықтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кеменгер бабаларымыз «алатау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болсатөбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын.

Баяндаушылар Интерактивті тақта арқылы тақырыпқа байланысты бейне ролик көрсетіп, баяндамаларын презентация арқылы таныстырды.

 

Директор                                                                                   Е. Қоянов

Орындаушы Г.Кокумбаева

Телефон 400442

 

 

 

 

Радикализм – не наш путь.

В Талдыкорганском  колледже  промышленной индустрии и новых технологий прошла  встреча обучающихся со специалистами молодежного движения против религиозного терроризма и экстремизма.

 Тема выступления Казыкенова  Даулета Сериковича - духовное воспитание в семье, воспитание нравственности, межэтнического согласия  и толерантности, профилактика религиозного экстремизма, вредных привычек, суицида, нашла живой отклик у слушателей. В своем выступлении он отметил, что каждому из нас необходимо иметь четкое представление об исторических истоках, идеологических формах религиозных учений, знать  признаки и отличия традиционных учений от нетрадиционных учений деструктивной направленности. Даулет Серикович почеркнул: большинство из тех, кто сегодня становится приверженцем нетрадиционных религиозных течений, это - молодые люди, наша задача довести до населения, в том числе и до молодых казахстанцев, ценности ислама и православного христианства.

Выступление Шпекпаева Алинура Эдуардовича прошло в форме диалоговой площадки «Духовно-нравственные ценности Ислама и Христианства». Оно было направлено на профилактику религиозного экстремизма и терроризма и повышение религиозной грамотности, пропаганду межэтнической  и межконфессиональной толерантности.

 С темой «Признаки  и отличия традиционного ислама от нетрадиционных течений радикальной направленности» выступил  Немельбаев Еркебулан, религиовед-магистр. Распространение религиозных идей экстремиского характера - одна из главных опасностей сегодняшнего дня и противостоять этой угрозе должны не  только представители духовенства и соответствующие органы, но и все общество, отметил он в своем выступлении.

В ходе встречи участникам был показан видеоролик  о деструктивном  религиозном  течении ислама Хизб-ут-Тахрир и видеоматериал о псевдорелигиозных учениях. В целом же по встрече можно сказать, что была проведена большая информационно-пропагандистская работа, ориентированная на повышение религиозной грамотности молодежи, разъяснение основных положений действующего законодательства в данной сфере.

Вместе с тем, необходимо отметить, что ребята с интересом слушали выступающих и  активно участвовали в обсуждении. Потому что кураторами групп  в текущем учебном году проводились круглые столы «Межэтнические и межконфессиональное согласие», «Национальные традиции казахского народа и ислам»; тематические классные часы  «Жить в мире с собой и другими», «Духовное согласие и толерантность – основа мира и благополучия в обществе»; конференции «Консолидация казахстанского общества»,  «Мировые религии в борьбе за мир, против религиозного экстремизма», «Деструктивные религиозные течения и их влияние на личность и общество»; проводятся  конкурсы электронных газет «Мир права», компьютерных агит-листков «Экстремизму - НЕТ!», рисунков, плакатов на тему «Под единым шаныраком».

          Помимо этого в колледже широко практикуются  мероприятия с участием родительской общественности: беседы на родительских  собраниях на тему «Межэтнические взаимоотношения   на бытовом уровне», в библиотеке  оборудованы тематические выставки  «Казахстан: вчера, сегодня, завтра», «Салт - Дәстүр»и т.д.

         До конца года планируется проведение социальной акции «Дорожная карта дружбы», обучающего семинара на тему «Менеджмент межэтнических и межконфессиональных отношений», информационно-пропагандистские встречи по освещению государственной политики в области межнациональных отношений, деятельности Ассамблеи народа Казахстана и др.

Усилия всего педагогического коллектива колледжа направлены на конечный результат работы по профилактике религиозного экстремизма и терроризма - недопущение проникновения в ряды наших студентов представителей религиозных течений экстремистского характера. Уберечь от экстремистских проявлений, способных привести к политическим и социальным конфликтам.

 

Колледжде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жастардың бойында радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыру тақырыбында топ сағаттары өткізілді. Топ сағаттарда жастарды діни  радикализмнен сақтандыруға арналған бейнефильмдер көрсетілді.  Жастар арасында  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша құқықтық қорғау органдарының, дінтанушылардың, теологтардың қатысуымен кездесу жене дөңгелек үстел үйымдастырылды.

13.10.2017ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай және сурет галлереясына 402 топ білім алушылары және кураторы Меренкулова Раушан Касымгалиевна бастамасымен саяхат жасалынды. 

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында «экстремизм» және «терроризмге» қарсы арналған бейнероликтер көрсетілімі өткізді. 2017 жылғы 12 қазан күні Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында, 2017 жылғы 13 қазан күні - Жастарға қызмет көрсету орталығында өткізілген шараға колледждің 120 білім алушысы қатысты.

Қазіргі таңда еліміздегі діни насихаттауларда көптеген методологиялық қайшықтар болғандықтан көпшілік арасында дінді түсіну қиынға соғуда. Ата-баба жолынан ауытқып, өз тарихы мен мәдениетін терістеу, әсіресе жастар арасында, кеңінен етек алып барады. Сондықтан өткен шара өте маңызды да, ахуалды болды.

 

 

 

 

 

 

2017 жылдың  22 қарашасында Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде жоспар бойынша Орманова Лаура Байғазықызының жетекшілігімен  «Сақ бол! Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес ағымдар» атты сыныптан іс-шара дөңгелек үстел ретінде өтті.

Іс-шараға колледжің 401 топ білім алушылары мен оқытушылары.

Аталған іс-шараға «Алматы облыстық дін басқармасының» бөлім басшысы – Даулет Серікұлы мен осы мекеменің қызметкері - Ақнұр Еркінқызы және «Жетісу» телеканалының «Иманашар» бағдарламасының жүргізушісі, «Ақ мешіт» мешітінің бас имамы Қанат Маратұлы қатысты.

         Алғы сөзді дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Орманова Лаура Байғазиевна алды. Өз сөзінде  еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып отырғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отырғанын баяндады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік-экономикалық мәселер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені бәрімізге аян. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бақты. Алыстай қоймаған өткенінде дінсіз мемлекет идеясын ұстанған елдің тығырықта тұрғанын ұтымды пайдалаған шетелдік миссионерлер өз тамырын жіберіп үлгерді. Әйтсе, де қазіргі таңда қазақ қоғамы діни ұйымдардың онды-солына баға береге қабілетті болды. Бұл бағытта бірқатар маңызды шаралар жүргізілуде. Қазіргі кезде халықаралық лаңлестік және діни экстремизм қауып-қатердің ошағы екені белгілі. Л.Б. Орманова дайындаған «Қазақстандағы тыйым салынған діни ұйымдар» атты бейнефильмін ұсынды. 

         Келесі сөз кезегін Алматы облыстық дін басқармасының қызметкері Ақнұр Еркінқызы алды. Ол қазіргі уақытта елімізде қабылданып жатқан әртүрлі нормативтік актілермен және құқықтық заңды құжаттармен таныстырып кетті.

         Алматы облыстық дін басқармасының бөлім басшысы Дәулет Серікұлы қазақ халқының дінгегі-діни тәлім тәрбие, салт-дәстүр, ұмыт болып бара жатқан мән-мағыналы тыйымдар екенін атап кетті. Елбасымыздың биылғы жылғы «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» атты жолдауының түп негізіндегі мақсатын осы халқымыздың дінгегін қайта жаңғыру деп түсіндіріп, сөз соңында дөңгелек үстелге қатысушыларға терең мағыналы бейнефильм ұсынды.

         Қонағымыз «Жетісу» телеканалының «Иманашар» атты бағдарламасын жүргізуші, Талдықорған қалалық «Ақ мешіт» мешітінің бас имамы Қанат Маратұлына іс-шараға қатысушыларға тыйым салынған діни ұйымдарға кірген  адамдарды қалай тануға болатынын ежіктеп түсіндіріп берді. Әр діни тыйым салынған ұйымдар мен ағымдарға кіргендердің  сырт киімдері және салтына қарап ажыратуға кеңестерін берді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары атынан колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б. Кокумбаева Алматы облыстық дін басқармасынан және «Ақ мешіт» мешітініен  келген қонақтарымызға алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.