Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжіне «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде өткізілген жұмыстар туралы ақпарат.

 

Колледжде "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы "Туған жер" арнайы жобасының "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық және өңірлік жобалар мен іс-шаралар өткізу кезінде Бастауыш ардагерлер ұйымының кеңес мүшелері шараларға қатысып, өз үлесін қосады.

Мысалы, 2019 жылы 1-12 наурыз айының аралығында «Ананың күлкісі», «Отбасындағы демалыс»,     «Менің үйім, отбасым» Суреттер сайысы,  «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында топ сағаттар өткізілді.

Қазан айында «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы», «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру «Білімнің салтанат құруы», «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру «Сананың ашықтығы» атты топ сағаттары және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру  ХХІ ғасырдағы Ұлттық сана туралы» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізілді.

Маусым айында «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру «Ұлттық біргілікті сақтау» Сынып сағаты және жыл бойы график бойынша «Туған жер» бағдарламасының «Өлкетану» негізгі жоба аясында «Облыстық өлкетану мұражайында», «Көркемөнер галлереясында» колледж оқутышылары сабақ өткізіледі.

Жыл бойы  «Отаным-тағдырым» негізгі жоба аясында «Қайырымдылық» акциясы, «Мейірімділік – асыл қасиет» мейірімділік сабағы, «Ұлы дала тұлғалары» тақырыбында жетістікті адамдармен кездесу, «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында ардагерлердің қатысуымен  топ сағаттар өткізілді.

«Саналы азамат» негізгі жоба аясында колледжде Ашық есік күнін өткізілді, «Шеберлер қалашығы» көрме ұйымдастырылды, «Индустральды-инновациялық дамытуды күшейту» «Цифорлы Қазақстан» ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жатақханада тұратын білім алушырмен сұхбаттасы өткізіледе, және жатақханада өткілітін шараларға ардагерлерде қатысады.

Мысалы, 2019 жылдың 8-ші ақпанында жоспарға сәйкес, жатақхана тұрғындарының арасында колледж жатақханасында  «Қыз сыны – 2019» байқауы өткізілді.

       Жалпы саны 55 студент сахнаны безендіру, байқауды ұйымдастыру, байқауға қатысушыларға көмек көрсету жұмыстарына бір кісідей ат салысып, жұмыла қатысты.

     Аталмыш шараның ең қызықты сайыс кезеңі, сұрақ – жауапта байқауға қатысушылар қазақ халқының салт – дәстүрі, ұлттық тағамдары, халық әндері туралы сұрақтарға мүдірместен жауап беріп, дайындықтарының жоғарғы деңгейде екендігін тағы да дәлелдей білді.

23.02.2019 ж. Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің  «Жігер» жатақханасының 2 кабатында  «Үздік аспаз» атты  байқау ұйымдастырылды.

         Мақсаты:жастарды еңбек етуге, ауыз бірлікке, бір-біріне көмек етуге баулу. Байқау барысында, қатысушылар Кебеков Ернур, Аманжолова Аяжан, Имамова Жанна жасаған астың дәмін ғана емес, сондай-ақ, тағамның әдемілігі, оны ұсыну, аспаздың арнайы киімдерінің болуы, дайындаған ас туралы әңгімелеп берулеріне де баса назар аударылды.

         Байқауға қатысушылардың еңбектеріне әділқазылар алқасы – ардагерлер- өз бағаларын    берді. Женімпаздар мадақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы байқау қызықты да әсерлі өтті.

2019 жылдың 18-19 қаңтар күндері аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру «Тәрбие және білім» бағдарламасына сәйкес Талдықорған оқу орындарының оқутышылары арасында спорттық жарыс өтті. Аталған жарысқа ардагер Федосеенко М.А. қатысты.

Колледжде еріктілер жасағы дәстүрлі түрде жұмысын атқаруда. Біздің ұсынысымыз бойынша 307 топ білім алушылары: Шаймұратова Динара, Ыбырайхан Айнур және 25 топ білім алушылары: Нагалевский Роман, Колмоз Кирилл, Якин Сергей  Талдықорған қаласында Қазақстан көшесі 200 үйінде тұратын білім саласының ардагерлері Саенко Николай Григорьевич пен Саенко Галина Ивановнаның үй ішін және ауласын жинап, отындарын дайындап берген болатын. Осындай көмек жұмыстары үнемі жүйелі түрде жалғасын таппақ.

Ардагерлерге  жыл бойы колледже өтетін шараларға шақыру жібереді. 1 қыркүйектегі салтанатты жиынға Мукашева Зейнеш Ескендировна қатысты. Мүғалімдер күніне Бакиева Сауле Мукатовнаны шақырып, гүл шоқы силадық. Ардагерлер жастарға ақыл айтып, сұхбаттасады.